2025 жылдың I жартыжылдығы бойыншаДепартамент 47 аудиторлық іс-шара жүргізді, соның нәтижесінде қаржылық есептілік аудитінжәне мемлекеттік сатып алуларды есепке ала отырып, жалпы сомасы 10 млрд. 077 млн теңгеболатын бұзушылықтар анықталды, оның ішінде:
— 1 млрд. 832 млн теңге сомасында қаржылықбұзушылықтар;
— 6 млрд. 711 млн теңге сомасында рәсімдіксипаттағы бұзушылықтар;
— Қазақстан Республикасының мемлекеттіксатып алу туралы заңнамасын бұзу 1 млрд. 534 млн теңгеге.
Бюджет заңнамасының талаптарына сәйкесбелгіленген қаржылық бұзушылықтардың жалпысомасынан жалпы сомасы 1 млрд. 832 млн. теңгеқалпына келтіруге, есепке алуға және бюджеткеөтеуге жатады, оның ішінде 1 млрд.329 млн. теңгенемесе 72,5% соммасында бұзушылықтаржойылды.
Есептік кезеңдегі аудиторлық іс-шаралардыңнәтижелері бойынша тексерілетін субъектілергебұзушылықтарды жою бойынша 38 нұсқаужолданды (бүгінгі таңда олардың 23-і орындалды).
Жол берілген бұзушылықтар үшін 26 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершіліккетартылды, әкімшілік құқық бұзушылықтуралы 290 хаттама
жасалып, жалпы сомасы 24 млн теңгеайыппұл салынды, бюджетке 22 млн теңгеөтелді немесе 91,7%.