Ұлы Дала – жаңа Ата заң жобасында шегеленген ұғым
Бүгін ұсынылған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасы елдің дамуын жаңа сапалық деңгейге көтеруге бағытталған аса маңызды саяси және құқықтық құжат болып саналады. Бұл бастама соңғы жылдары жүзеге асырылып келе жатқан кең ауқымды реформалардың заңды жалғасы ретінде қабылдануы қажет. Жаңа Конституция жобасында мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге, билік тармақтары арасындағы тепе-теңдікті нығайтуға, сондай-ақ азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктерін айқындауға ерекше көңіл бөлінген. Құжатта «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» қағидаты нақты институционалдық мазмұнмен толықтырылған. Соның ішінде Парламенттің өкілеттігін күшейту, жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін дамыту, Конституциялық бақылау институттарының рөлін арттыру демократиялық мемлекет қалыптастыру жолындағы маңызды қадамдар болып табылады. Бұл…
