Конституциядағы негізгі өзгерістер туралы ақпараттық-түсіндіру кездесуі
24 ақпанда аудандық Мәдениет үйінде облыстық ақпараттық-түсіндіру тобы мүшелерінің қатысуымен Жаңа Конституция жобасындағы негізгі жаңалықтар мен ұсынылатын өзгерістерді талқылауға арналған кездесу өтті. Іс-шараның мақсаты – қатысушыларды жобаның негізгі ережелерімен және оның әрбір азамат үшін маңызымен жан-жақты таныстыру болды. Облыстық ақпараттық-түсіндіру тобының құрамына Ақмола облыстық Қоғамдық кеңесінің төрағасы Қабдуәли Құлышев пен облыстық Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Ермек Нұғыманов кірді. Кездесуге аудан әкімінің орынбасары Ерсайын Сабыров, Қоғамдық кеңесінің төрайымы Ақмарал Кенжебаева, аудандық мәслихат төрайымы Нұргүл Қуатова, аудан прокуроры Әнуар Құлышев, бөлім басшылары және әртүрлі саладағы еңбек ұжымдарының өкілдері қатысты. Кездесуді ашқан Қабдуәли Қабыкенұлы халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға және ақпараттандыруға бағытталған осындай іс-шаралардың маңыздылығын…
