Үндістанда дуатлоннан өткен халықаралық жарыста әскер спортшылары қола жүлдеге ие болды
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Спорт комитеті – Армия орталық спорт клубының командасы Үндістанда өткен халықаралық әскери-спорттық ойындарда (International Military Adventure Challenge Cup) сәтті өнер көрсетті. Бұл сайысқа Үндістан, Қазақстан, Шри-Ланка, Бразилия, Қырғызстан, Сауд Арабиясы, Бутан және Непал елдерінен келген 12 команда құрамында 150-ден астам спортшы қатысты. Жарыс ережесіне сай D (дуатлон) бағдарламасына қатысушылар бір күн ішінде 9 сағаттық белгіленген уақыт шегінде 80 шақырымнан астам қашықтықты бағындыруы тиіс болды. Қазақстандық спортшылар таулы жердегі 21 шақырымдық жүгіру мен таулы трассадағы 59,5 шақырымдық веложарыстан тұратын сайыстың барлық кезеңдерінен сүрінбей өтті. Олар барлық кедергілерді сәтті еңсеріп, 6 сағат 46 минут 25 секунд көрсеткішімен D…
