2027 жылға қарай Ақмола облысында 95 млн ағаш отырғызылады
Ақмола облысында орман қорын кеңейту бойынша белсенді жұмыстар жүргізіліп келеді. 2021 жылдан бастап 56,2 млн ағаш отырғызылды, ал 2027 жылға қарай жасыл желекті 95 млн ағашқа ұлғайту жоспарланған. Бұл туралы облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Джанет Микишев брифингте мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметінен. Басқарма басшысының айтуынша, жаңа орман питомниктері мен орман шаруашылығын жабдықтау биоәртүрлілікті сақтауға және экологияны жақсартуға көмектеседі. «Ақмола облысының орман қорын ұлғайту үшін соңғы жылдары 8,7 мың гектардан астам алқапқа 56 миллионнан астам ағаш отырғызылды. Алдағы жылдары жасыл аймақтарды кеңейту жоспарланған, оның ішінде 2025 жылдан 2027 жылға дейін 15 мың гектар алқапқа…
