Ақмола облысында қызылша ауруы азайып келеді
Ақмола облысында қызылша ауруы азайып келеді Ақмола облысында жеті айдың қорытындысы бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Өңірде бірқатар инфекциялық аурулардың таралуы төмендеген, соның ішінде қызылша бойынша көрсеткіш азайған. Алайда балалар арасында көкжөтел жағдайларының өсуі вакцинацияның уақтылы жүргізілуі әлі де өзекті екенін көрсетіп отыр, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. Вакцинамен басқарылатын инфекциялар бойынша эпидемиологиялық жағдай және иммундаудың тиімділігі туралы брифингте Ақмола облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы, облыстың бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Серік Омарханов айтып берді. Жеті айда облыста полиомиелит, сіреспе, дифтерия, гемофильді инфекция және қызамық жағдайлары тіркелмеген. Сонымен қатар өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда қызылшамен сырқаттану шамамен 20%-ға, желшешекпен — үштен бірге…
