Асхат Аймағамбетов: Сөз бостандығы сақталады, арнайы режим экономикалық тұрақтылықты күшейтеді
Парламент Мәжілісінің депутаты Асхат Аймағамбетов Жаңа Конституция жобасындағы сөз бостандығы және арнайы құқықтық режимдер туралы да пікір білдірді. Оның айтуынша, Жаңа Конституция жобасында сөз бостандығы нақты әрі айқын бекітілген. Сонымен қатар, сын айту құқығы мен адамның ар-намысы мен қадір-қасиетін әдейі қорлау ұғымдарының ара-жігі анық ажыратылған. Лауазымды тұлғалардың қызметін сынауға, олардың жұмысына қатысты пікір білдіруге болады. Бұл – демократиялық қоғамның қалыпты құбылысы. Алайда ешкімді кемсітуге немесе қорлауға жол берілмейді. Мемлекет әр азаматтың ар-намысы мен қадір-қасиетін қорғауға міндетті. Депутаттың айтуынша, мұндай нормалар қолданыстағы заңнамада бұрыннан бар және халықаралық тәжірибеде кең таралған. Қоғамда талқыланып отырған тағы бір мәселе – арнайы құқықтық режим енгізу.…
