Ақмола облысында 2 заманауи дене шынықтыру сауықтыру кешені пайдалануға берілді
Биылғы жылы облыста 2 заманауи дене шынықтыру-сауықтыру кешені қолданысқа берілді. Қазіргі уақытта екі кешен де толық қуатта жұмыс істейді. Ол Қосшы және Есіл қалаларында. Бұл туралы Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ардақ Төлендин журналисттермен өткен брифингте мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметінен. Басқарма басшысының мәліметінше қазіргі уақытта облысты спорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету 60,4% - құрайды. Сондай ақ, Бурабай ауданының Мәдениет ауылында 1 спорт кешенің құрылысы аяқталды. «Биыл «Ауыл - ел бесігі» бағдарламасы аясында 4 дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы жүргізілуде. Олар Жақсы ауданының Жақсы ауылы, Қорғалжын ауданының Қорғалжын ауылы, Шортанды ауданының Бозайғыр ауылы, Целиноград ауданы Родина ауылында…
