«Ауыл аманаты» бағдарламасы: ауылдық жерлердегі табыс пен өмір сапасын арттыру
2023 жылдан бері Ақмола облысында «Ауыл аманаты» бағдарламасы табысты жүзеге асырылып келеді. Бағдарламаның басты мақсаты – ауыл тұрғындарының әл-ауқатын жақсарту және олардың кірісін арттыру. Бұл жеңілдетілген несиелер беру арқылы ауыл кәсіпкерлігін дамытуға ықпал етеді. Бағдарлама аясында 17 аудан мен 226 ауылдық округ қамтылып, 111 мың аула мен 394 мың тұрғын несие алуға мүмкіндік алды. 2023 жылы бөлінген 1,2 млрд теңге есебінен 198 шағын несие берілді, нәтижесінде 262 жаңа жұмыс орны ашылды. Несиенің негізгі бөлігі – 930 млн теңге (154 несие) мал шаруашылығын дамытуға бағытталды. Оның нәтижесінде ауыл шаруашылық өндірушілері 3,2 мың бас мал (630 бас ірі қара, 1774 бас…