Президенттің 2024 жылғы Жолдауы: жаңғырту, әртараптандыру және инвестициялар – өнеркәсіп әлеуетін дамытудың басымдықтары
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында ел дамуының негізгі векторын айқындап берді. Ол – қуатты өнеркәсіп әлеуетіне негізделген мықты да әртараптандырылған экономика құру. Мемлекет басшысы шикізат моделінен қосылған құны жоғары тауарларды өндіруге көшу міндетін қойды, бұл жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды жаңғыртуға және жаңа жоғары технологиялық өндірістерді құруға жүйелі түрде инвестиция тартуды талап етеді. Осыған байланысты Үкімет индустриялық егемендікті нығайтуға және отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған шаралар кешенін жүзеге асыруда. Мемлекет басшысының Жолдауында және өзге де тапсырмаларында қойылған міндеттерді жүзеге асыру барысы туралы толығырақ Primeminister.kz сайтындағы шолудан…
