Ауыл медицинасы дамып жатыр: 38 жаңа нысан бой көтеруде
Облыста «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы жүзеге асырылып жатыр. Жоба аясында үш жыл ішінде 700-ге жуық жаңа медициналық нысан ашылады. Бұл туралы брифинг барысында Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы басшысы Нариман Ермек мәлімдеді, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. Ақмола облысында жоба белсенді жүріп жатыр. Жалпы құны — 9,8 млрд теңге. Бұл қаржы ұлттық қордан, республикалық және облыстық бюджеттен бөлінген. «Қазір облыста 38 медициналық нысан салынуда. Оның 32-сінің құрылысы аяқталған. 23 нысан халыққа қызмет көрсетіп жатыр. Қалғандарында жабдық орнату және құжат рәсімдеу жұмыстары жүріп жатыр. Жаңа ауруханалар мен емханалар Бауманское, Мәлік Ғабдуллин ауылы, Айдабул, Еркіншілік және басқа елді мекендерде салынды»,-деді…
