Абай атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің аудандық байқауы

Кемеңгер Абайдың кемел ойлары мен жақұт жырларын сансыз ұрпақтың санасына сіңіріп, жадында мәңгілік жаттату ісінің мемлекеттік маңызды шаруаға айналғаны қашан?! Тіпті қылышынан қан тамған сонау кеңестік дәуірдің өзінде Абайды оқыту алдыңғы кезекте тұрды. Қазақ халқының ұлы ақыны, ағартушы, қазақтың жазба әдебиетінің және әдеби тілінің негізін салушы – Абай Құнанбаевтың мұраларын жас ұрпаққа насихаттау үшін ауданымызда көптеген шаралар өтуде.

Қыркүйек айының 18 жұлдызында мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі Қазақстан халқы тілдер күніне орай бағытталған іс-шараларды өткізу мақсатында мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту және дамыту мақсатында Абай атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің аудандық байқауын өткізді.

​Конкурсты негізгі мақсаты – мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, тіл мәдениетін көтеру, көркем әдебиетті насихаттауды жандандыру, сондай-ақ, талантты жастарды табу болып табылады.

2024 жылы атап өткізілетін мерейтойлар мен атаулы күндердің тізбесіне сәйкес Cәкен Сейфулинның 130-жылдығына, Ілияс Жансүгіровтың 130-жылдығына, орай аталған қаламгерлердің шығармаларынан және қазақ әдебиетіндегі көрнекті прозалық шығармаларынан үзінді оқу – 1 номинация; Абай Кұнанбаевтың поэзиялық шығармаларынан үзінді оқу – 2 номинация; сұрақ-жауап – 3 номинация.

Жалпы, конкурсқа қатысуға ауданымызға қарасты Макинка ауылынан Айтмұқанбет Назерке (10 сынып), Қызылұйым ауылынан Кәдірбек Айғаным (8 сынып), Кеңащы ауылынан Тлеуғабыл Аружан (9 сынып), Үлгі ауылынан Тлеуке Елдана (10 сынып), Қоғам ауылынан Манап Гүлнұр (11 сынып), Тасшалқар ауылынан Байтан Айнұр (8 сынып) және Шарибат Айтолқын (11 сынып) 7 үміткер бақ сынады.

Қазылар алқасы қатысушылардың өнерін көркем мәтінді оқу шеберлігіне, дұрыс дыбыстауына, көркем мәтінді таңдау талғамы мен сахналық образ және оқу шеберлігіне қарап бағалады.
​Байқауға қатысқан әр үміткер Абайдың, Сәкеннің, Ілиястың шығармаларын талапқа сай оқып бере алды.

​Байқау қорытындысы бойынша, үшінші орынды Шарибат Айтолқын (Тасшалқар ауылы) мен Айтмұқанбет Назерке (Макинка ауылы) қанжығаларына байласа, ІІ орынды Байтан Айнұр (Тасшалқар ауылы) мен Манап Гүлнұр (Қоғам ауылы) өзара бөлісті. Жүлделі І орынға Тлеуке Елдана (Үлгі ауылы) ие болды. Ал Тлеуғабыл Аружан (Кеңащы ауылы) гран-при номинациясын иеленді. Сондай-ақ Кәдірбек Айғаным (Қызылұйым ауылы) көрермендер көзайымына айналып ынталандыру сыйлығына ие болды.

​Әр қатысушы мақтау қағаздарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Қуаныш НУРКУШЕВА.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться