Ақмола тұрғыны полицейлерге алаяқтар ұрлап кеткен ақшаны қайтаруға көмектескені үшін алғысын білдірді

Ақмола облысының тұрғыны Алтынай Даржанова Атбасар ауданының полиция бөлімінің қызметкерлері— жедел уәкіл Ғалымжан Мархабат пен тергеуші Айдын Әубәкіровке интернет-алаяқтар ұрлап кеткен ақшаны қайтаруға көмектескені үшін алғысын білдірді.
Әйелдің айтуынша, ол өздерін инвестициялық платформаның қаржылық кеңесшісі етіп таныстырған алаяқтардың құрбаны болды. Жоғары пайда алу сылтауымен қаскүнемдер оны шамамен 4 миллион теңге аударуға көндірді.
«Алаяқтар мені қорқынышты қаржылық шұңқырға түсірді. Мен моральдық қысым көріп, қарыздар мен несиелерге батып кеттім, маған біреу көмектесе алатынына сенбедім»,-деп жазады ақмола тұрғыны.
Достарының кеңесі бойынша әйел полицияға жүгінген. Тергеу ісі жедел уәкіл Ғалымжан Мархабат пен тергеуші Айдын Әубәкіровке тапсырылды. Жедел-іздестіру және тергеу іс-шараларын жүргізумен қатар, полиция қызметкерлері өтініш берушіге практикалық көмек көрсетті: заңгерлерге жүгіну және азаматтық сотта істі қарау үшін қажетті материалдарды дайындау.
Нәтижесінде полицейлер қысқа мерзімде дропперлердің жеке басын анықтады және заңгерлермен бірлесіп жұмыс жасау арқылы әйел ұрланған ақшаның көп бөлігін қайтара алды.
Хатының соңында Алтынай Даржанова полиция қызметкерлеріне қамқорлығы мен қолдауы үшін алғысын білдірді.
«Олар Қазақстанның барлық құқық қорғау жүйесінің беделін қол жетпейтін биіктікке көтерді», — деп атап өтті ол хатта.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться