Тұрақты экономикалық өсім, мемлекеттік институттар сапасы және тұрақтылық — Қазақстанның артықшылығы

 

Тақауда ғана мемлекеттер инвестиция тарту үшін арзан жұмыс күші, салықтық жеңілдіктер және табиғи ресурстарға қолжетімді етумен бәсекелесетін. Қазіргі тәртіп өзгеше. Бизнес пандемия, геосаяси дағдарыстар, сондай-ақ жаһандық жеткізу тізбектерінің қайта құрылуы, технологиялық бәсекенің күшеюінен кейін кеңірек ойлана бастады. Енді инвесторларға күтілетін пайда ғана емес, мемлекеттік институттардың сапасы, экономикалық саясаттың болжамдылығы және елдің ұзақ мерзімді тұрақтылықты сақтай алу әлеуеті маңызды.
Сенім жаңа экономикалық капиталға айналды. Қаржы тарту құнына, ірі жобалардың іске қосылу мерзімі, халықаралық компаниялардың жаңа өндіріс ашуға дайындығы және инвестициялық тәуекел деңгейіне әсер ететіні де осылар. Алдыңғы сатыға басқару сапасы, шешім қабылдау шапшаңдығы және мемлекеттік саясаттың жүйелілігі шығады.
Мақала авторлары мұндай тенденция Орталық Азия аумағынан тыс жерлерде байқалатынын айтып, Сауд Аравиясы, Үндістан, БАӘ мысалға келтірген. Табиғи ресурстарға бай мемлекеттер шикізаттан шығып, қайта өңдеу, логистика және заманауи өндірісті дамытуға ұмтылып жатыр.
Қазақстан да заманның жаңа талабына лайық деңгейде бәсекелесе алатын елдер қатарына енген. Жылдың алғашқы жартысында негізгі капиталға түскен инвестиция көлемі 9,6% өсіп, $20 млрд асты, ал жеке инвестиция 21% көбейді.
Бұған қоса Қазақстан Safest Countries for Investors 2026 халықаралық рейтингінде 17 саты жоғарылап, (70-тен 53-ке дейін) Орталық Азия елдері арасында үздік атанды.
Елдің әлеуетін халықаралық қаржы институттары да жоғары бағалап отыр. Халықаралық валюта қоры биыл Қазақстанның экономикалық өсімі 4,6% болатынын, ал Дүниежүзілік банк тұрақты өсімнің келер жылдары да сақталатынын болжайды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться