Азаматтардың басым көпшілігі «Заң мен Тәртіп» қағидаты мен «Таза Қазақстан» идеясын қолдайды – сауалнама

 

Қазақстандық қоғамдық даму институты 2026 жылдың ІІ тоқсанындағы қоғамдық-саяси ахуалға арналған әлеуметтанулық зерттеу нәтижелерін жариялады. Зерттеуге еліміздің барлық өңірінен 2 400 респондент қатысты.

Зерттеу қорытындысы қазақстандықтардың мемлекеттік бастамаларға жоғары қолдау білдіретінін көрсетті.

📊 Зерттеудің негізгі нәтижелері:

🔹 87,3% азамат «Заң және тәртіп» қағидатының жүзеге асырылып жатқанын біледі. Ауыл тұрғындары арасында да ақпараттану деңгейі жоғары – 85,1%.

🔹 74,2% респондент заң мен тәртіпті қамтамасыз ету – мемлекет пен азаматтардың ортақ жауапкершілігі немесе әр азаматтың жеке жауапкершілігі деп есептейді. Оның ішінде 43,6% бұл жауапкершілік мемлекет пен қоғамға бірдей тиесілі десе, 30,6% ең алдымен әрбір азамат жауапты болуы керек деген пікірде.

🔹 Азаматтық жауапкершілік деңгейі жастар арасында жоғары. 18–28 жас аралығындағы жастардың 52,8%-ы заңның сақталуы ең алдымен әр азаматқа байланысты деп санайды.

🔹 Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» бастамасын 67,1% респондент қолдайды. Экологиялық мәдениетті қалыптастыру және қоршаған ортаға ұқыпты қарау идеясы әртүрлі жас пен мамандық иелері арасында кең қолдау тапқан.

🔹 66% қазақстандық 2026 жылдың Цифрландыру және жасанды интеллект жылы болып жариялануын маңызды деп есептейді. Ал 60,7% жасанды интеллект технологияларын елдің негізгі даму салаларына белсенді енгізуді қолдайды.

📈 Зерттеу әлеуметтік инфрақұрылымның қолжетімділігіне қанағаттанушылық деңгейінің артқанын да көрсетті. Ең жоғары бағаланған көрсеткіштер:

• мектептердің қолжетімділігі – 78,9%;
• демалыс және серуендеу орындары – 73,7%;
• мәдениет мекемелері – 73,8%;
• балабақшалар – 73,5%;
• спорт кешендері – 72,3%.

Зерттеу нәтижелері қазақстандықтардың заң үстемдігін нығайтуға, цифрлық технологияларды дамытуға, өмір сүру сапасын арттыруға және экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған мемлекеттік бастамаларды қолдайтынын көрсетті. Бұл бағыттар бүгінде қоғам үшін маңызды басымдықтардың бірі болып қала береді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться