Көкшетауда Ұлттық домбыра күнінеарналған мерекелік іс-шаралар «Жаңажағалау» аумағында өтті.
Мерекелік бағдарлама мәдениетмекемелері ұйымдастырған тақырыптықкөрмелер мен таныстырылым алаңдарыныңжұмысынан басталды. Келушілер қазақхалқының рухани мұрасымен, ұлттықдәстүрлерімен және күй өнерінің тарихыментанысты. Сонымен қатар «Көне домбыра» және «Музейге жәдігер сыйла» республикалықакциялары ұйымдастырылды.
Ақмола облысы әкімінің орынбасарыДосұлан Айтбаев өңір тұрғындарын Ұлттықдомбыра күнімен құттықтап, домбыраның қазақхалқының өміріндегі айрықша маңызын атапөтті.
«Биылғы мерекенің орны ерекше, тарихимәні терең. Ұлттық домбыра күні мен Астана күнін еліміздің жаңа, халықтықКонституциясының заңды күшіне енуімен қатаратап өтіп отырмыз. Бұл – мемлекетіміздіңқұқықтық негіздері мен ғасырлар бойықалыптасқан рухани құндылықтарыныңсабақтастығын айқындайтын, мемлекеттілігіміздің тұғырын нығайтатынмаңызды кезең.
Қазақ халқы мен домбыра – егіз ұғым. Домбыра – қазақтың жаны, ұлттың үні, мемлекеттіліктің символы. Ол халқымыздыңшежіресін, тарихы мен тағдырын, ғасырларбойы ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан арман-мақсаттарын сақтап келеді. Осы баға жетпесмұраны көздің қарашығындай сақтап, оны жасұрпаққа жеткізу – баршамыздың ортақміндетіміз», – деді Досұлан Айтбаев.
Кештің басты оқиғасы – алғаш ретұйымдастырылған «Көкше – өнермаржандары» дәстүрлі өнер фестивалі болды. Сахнада К. Күмісбеков атындағы қазақ халықаспаптар оркестрі, дәстүрлі әнорындаушылары мен күйшілер өнер көрсетті.
Биылғы мерекенің тағы бір ерекшелігі – әлеуметтік желілерде өткен #DombyraKuni республикалық челленджі. Бастамаға өңірдіңтанымал тұлғалары, мәдениет саласыныңөкілдері, шығармашылық ұжымдар мен жасдомбырашылар белсенді қатысып, күй тартып, халық әндерін орындады.
