Көкшетауда Отан қорғаушылар күніне орай мінсіз қызметі мен жоғары кәсібилігімен ерекшеленген құқық қорғау және әскери бөлімдердің қызметкерлерін салтанатты марапаттау рәсімі өтті.
Іс-шара аясында оқушыларды «Жас Ұрпақ» жастар бірлестігінің қатарына қабылдау рәсімі де ұйымдастырылды.
Жастар бірлестігінің мақсаты – өскелең ұрпақты тәрбиелеу, заңға бағынушылық мінез-құлықты қалыптастыру және кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу. Бүгінде бірлестік еліміздің 20 өңірінен 8 мыңнан астам қатысушыны біріктіреді.
Аталған бастама жастар арасында азаматтық жауапкершілікті, патриотизмді және заңға құрметті дамытуға ықпал етеді.
#Заң мен тәртіп
