Бірінші exit poll нәтижесі: референдумда халықтың 86,7%-ы жаңа Конституцияны қолдады

00:09, 16 Наурыз 2026 | GMT +5

Бірінші exit poll нәтижесі: референдумда халықтың 86,7%-ы жаңа Конституцияны қолдады
АСТАНА. KAZINFORM – Exit poll нәтижесінде қазақстандықтардың 86,7%-ы референдумда жаңа Ата Заңның жобасын қолдап дауыс берді.

Фото: видеодан алынған скрин
Еуразиялық интеграция институтының мәдіметіне қарағанда, Қазақстанның 17 облысында, Астана, Алматы және Шымкент қалаларында референдум учаскелерінен шыққан азаматтар арасында сауалнама жүргізді.

– Сауалнамада 200 референдум учаскесін қамтыды. Оның ішінде 129-ы қалада, 71-і ауылды жерде орналасты. Сауалнамаға жалпы 30 мың респондент қатысты. Оларға арнайы даярланған сұхбат алушылар face-to-face әдісі арқылы сауал қойды. Зерттеу нәтижелерінің қателігі 1%-дан аспайды. Күні бойы жеті өлшем жүргізілді. Аралық қорытындылары 9:00-де, 10:30-да, 12:30-да, 14:30-да, 16:30-да, 18:30, 20:30-да жасалды, — делінген институт мәліметінде.

Дауыс берушілерге «Сіз жаңа Конституцияны қабылдайсыз ба?» деген сұраққа қай жауап нұсқасын таңдадыңыз?» деген бір ғана сұрақ қойылды. Exit poll нәтижелеріне сәйкес, респонденттердің 86,7 пайыхы «Иә, қабылдаймын» деп жауап берген. Референдімға азаматтардың қатысуы 75,3 пайызды құрады.

Айта кетейік, бүгін Қазақстанда жаңа Ата Заңның жобасы бойынша жалпыұлттық референдум өтті.

Биыл 12 ақпанда Қазақстан Республикасының жаңа Ата Заңының қорытынды жобасы жарияланды.

Мемлекет басшысы 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдум өткiзу туралы Жарлыққа қол қойды.

Республикалық референдумда берілген бюллетеньде «Жобасы бұқаралық ақпарат құралдарында 2026 жылғы 12 ақпанда жарияланған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдайсыз ба?» деген сауал қойылды.

Орталық референдум комиссиясының мәліметіне қарағанда, Қазақстанда дауыс беру құқығы бар азаматтардың 73 пайыздан астамы өз таңдауын жасады.

https://kaz.inform.kz/news/brnsh-exit-poll-natizhes-referendumda-haliktin-867-i-zhana-konstitutsiyani-koldadi-afbb9d/

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться