
Атбасар ауданындағы «Нан Абройы» ЖШС ұжымы Жаңа Конституция жобасы бойынша өтетін республикалық референдумды қолдайтынын білдірді. Кәсіпорын астықты сақтау, ұн өндіру, сондай-ақ астық, тұқым және мал азығын көтерме саудада өткізумен айналысады.
Бүгінде «Нан Абройы» ЖШС өңірдің агроөнеркәсіптік кешенін дамытуға елеулі үлес қосып келеді. Кәсіпорынның тиімді жұмысы ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтау мен өңдеудің тұрақтылығын қамтамасыз етіп, жергілікті экономикаға оң әсерін тигізуде. Ұжым мүшелері конституциялық өзгерістер экономиканың дамуына, кәсіпкерлікті қолдауға және қоғамдағы тұрақтылықты нығайтуға ықпал етеді деп санайды.
«Тұрақты экономика мен тиімді жұмыс істеу үшін берік құқықтық негіз қажет. Біз алдағы референдумды қолдаймыз, себебі ол еліміздің дамуына және кәсіпкерлік саласының нығаюына жаңа серпін береді», – деді кәсіпорын басшысы Абдрахман Сарбасов.
Атбасар ауданының кәсіпкерлері мен еңбек ұжымдары ел болашағы үшін бірлік пен жауапкершіліктің маңызы зор екенін атап өтті.
