Достық пен келісім – кез келген қоғамның ең басты құндылықтарының бірі.
Адамдар бір-бірін құрметтеп, түсіністікпен қарағанда ғана ортада тыныштық пен тұрақтылық орнайды. Достық – жүректен шығатын шынайы сезім, ал келісім – сол достықты сақтап тұратын парасат пен сабыр. Бірлігі мықты елдің болашағы да жарқын.
Сондықтан да біз әрқашан татулықты ту етіп, өзгеге жақсылық жасап, ортақ мүдде жолында бірлесе білуіміз қажет.
Қуаныш Нуркушева,
аудандық “Еңбекшілдер жаршысы-Вести Енбекшильдерья” газетінің тілшісі.
Біржан сал ауданы.
