Ұлтаралық келісім – біздің басты құндылығымыз

Қазақстан – жүзден астам ұлт пен ұлыстың тату-тәтті өмір сүріп жатқан көпұлтты мемлекеті. Осындай алуан түрлі мәдениет пен дәстүрдің ортақ шаңырақ астында бейбіт өмір сүруі – елдің басты жетістігі және баға жетпес байлығы. Бұл – ұлтаралық келісімнің, бірлік пен өзара құрметтің нақты көрінісі.

Ұлтаралық келісім – жай ұғым емес, ол күнделікті өміріміздің негізі. Әртүрлі этнос өкілдері бір-бірінің мәдениеті мен салт-дәстүрін құрметтеп, ортақ мүдде жолында бірігіп еңбек етіп келеді. Мұндай өзара түсіністік қоғамда тұрақтылық пен даму үшін қажет. Татулық бар жерде – тыныштық, ал тыныштық бар жерде – өркендеу болатыны сөзсіз.

Қазақстанда барлық ұлт өкілдерінің құқықтары мен бостандықтары тең. Мектептерде түрлі ұлттың балалары бірге оқып, достасып, бірін-бірі құрметтеуге үйренеді. Бұл – ертеңгі күннің бейбіт те жарқын болуына салынған берік негіз.

Ұлтаралық татулықты сақтауда Қазақстан халқы Ассамблеясы маңызды рөл атқарады. Бұл құрылым этносаралық қатынастарды үйлестіруге, мәдени әртүрлілікті сақтауға және ұлттық бірлікті нығайтуға бағытталған. Ассамблея түрлі ұлттардың өз тілі мен мәдениетін дамытуына мүмкіндік беріп, бір шаңырақ астында бірлік пен келісімді нығайтып отыр.

Бүгінде жаһандық деңгейде түрлі қақтығыстар мен этносаралық шиеленістер орын алып жатқанын ескерсек, Қазақстандағы бейбіт өмір – аса қымбат құндылық. Біз осы тыныштық пен татулықты сақтау үшін барынша атсалысуымыз керек. Себебі келісім мен сыйластық – әрбір азаматтың, әрбір отбасының, бүкіл қоғамның амандығы мен болашағының кепілі.

Ұлтаралық келісім – бұл ел болашағының негізі. Ол – әр азаматтың жүрегінен орын алуы тиіс құндылық. Әрқайсымыз өз ісіміз арқылы бірлік пен достықты дәріптеп, қоғамдағы тұрақтылыққа өз үлесімізді қоса аламыз. Қазақстанның дамуы мен жарқын болашағы – бірлікте!

Біржан сал ауданы, Аналар кеңесінің мүшесі
М. Аяғанова.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться