Бас прокуратура жанындағы Активтерді қайтару комитетіактивтерді ерікті түрде қайтару туралы 50-ден астам келісімжасасты. Бұл туралы Kazinform агенттігіне эксклюзивтісұхбат берген аталған комитет төрағасы НұрдәулетСүйіндіков айтты.
Қазіргі уақытқа дейін арнаулы мемлекеттік қорға шамамен188 млрд теңге түсіп, басқарушы компанияға 87 млрд теңгенің активтері табысталды.
— Бүгінде біз комиссияның мақұлдауымен активтерді еріктітүрде қайтару туралы 50-ден астам келісім жасастық. Жалпы сомасы шамамен 1 трлн теңгеден асады. Активтердің беруге дайындалуы, бағалануы тиістігі, тәуелсіз сараптама, аудит жүргізілуі қажеттігі түсінікті. Бұлаудит егер жоғары табыс болса, онда жоғары табыстыңесебін зерделеуі қажет. Яғни, активтерді берудің өзікелісімшарт жасалған сәттен жүзеге асырылмайды, белгілібір уақытта алады, — деді Нұрдәулет Сүйіндіков.
Оның атап өтуінше, активтерді ерікті түрде қайтаруқұпталады.
— Егер субъект ниет танытып, бізге келісім процедурасынжүргізу және ерікті түрде қайтару немесе акивтер мен мүліктерді беру туралы өтініш білдірсе, біз тиісті жұмысістейміз. Біз жұмыс істеп жатқан заңға ілігетінсубъектілердің басым бөлігі осы жолмен жүрді. Екіншіжолы бар, ол — мәжбүрлеп қайтару. Комитет сараптамалықтексеру жұмысын жүргізген кезде заңдылықты негізді түрдекүдік тудыратын актив анықталатын болса, онда біз сотқатүсініксіз байлыққа байланысты сотқа шағым түсіреміз, — деді комитет басшысы.
Бұған дейін хабарлағанымыздай енді заңсыз шығарылғанактивтер Интерпол арқылы қайтарылады.
Сонымен қатар Президенттің заңсыз активтерді қайтарубағытындағы тапсырмаларын орындау аясында арнаулымемлекеттік қорға 176,3 млрд теңге жиналды.
https://kaz.inform.kz/news/urlangan-tagi-br-trln-tenge-kazakstanga-kaytarildi-929768/