Республика күніне орай

​Қайта жаңғырған Республика күні – бұл халқымыздың рухын көтеріп, елдігімізді нығайта түсетін аса маңызды тарихи қадам. Қазақстанның жаңа тарихындағы ұлттық мерекенің қайта жаңғыртылуы – мемлекетіміздің тәуелсіздік жолындағы халықтың еңбегі мен еркіндігін құрметтеудің символына айналып отыр.

Осыған орай қазан айының 23 жұлдызында «Көкшетау» мәдениет сарайында Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Республика күніне арналған салтанатты шараға қатысып, жиналған қауымды осы қуанышты оқиғамен құттықтап, еңбек сіңіріп жүрген бірқатар ақмолалықтарды мемлекеттік наградалармен марапаттады.

​«Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2024 жылғы 16 қазандағы Жарлығына сәйкес Республика күні қарсаңында мемлекеттік және қоғамдық қызметте cіңірген еңбегі, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін біздің ауданымыз бойынша келесі азаматтар марапатталды: «Ерен еңбегі үшін» медальдарымен:
​Ахметова Орынбасар Теңдікқызы — ауданы әкімінің орынбасары;
​Шәріпова Сандуғаш Асқарқызы — Қоғам ауылының Шәймерден Қосшығұлов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі;
«Шапағат» медалімен:
​Темірғалиева Халима Кеңесбайқызы — Уәлихан ауылы медициналық пунктінің мейірбикесі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться