Халық денсаулығы – мемлекеттің тұрақты дамуы мен өркендеуінің негізі. Жаңа Конституция жобасында азаматтардың өмір сүру сапасын арттыруға, әлеуметтік кепілдіктерді нығайтуға және сапалы медициналық көмекке қолжетімділікті қамтамасыз етуге ерекше мән берілген.
Депутат ретінде денсаулық сақтау саласындағы өзекті мәселелерді жиі көтеріп келемін. Бүгінгі таңда ауыл мен қала арасындағы медициналық қызмет сапасын теңестіру, алғашқы медициналық-санитарлық көмекті күшейту, профилактикалық шараларды жүйелеу, ана мен бала денсаулығын қорғау – аса маңызды бағыттар болып отыр.
Жаңа Конституция нормалары әлеуметтік мемлекет қағидаттарын нақтылай отырып, азаматтардың құқықтары мен кепілдіктерін нығайтады. Бұл – медициналық инфрақұрылымды дамытуға, заманауи технологияларды енгізуге, кадрлық әлеуетті арттыруға құқықтық негіз қалыптастырады.
Денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігі – тек сала мамандарының емес, бүкіл қоғамның ортақ жауапкершілігі. Сондықтан алдағы референдумда белсенділік танытып, ел болашағы үшін маңызды шешім қабылдау – әрбіріміздің азаматтық парызымыз.
Жаңа Конституция – сапалы өмір, берік әлеуметтік қорғаныс және дені сау ұлттың кепілі.
Қайрат Тастанбеков,
Біржан сал ауданы мәслихатының депутаты.
