Жаңа Конституция жобасының «халықтық» сипатта бағалануы ең алдымен оны әзірлеуге қоғамның кеңінен қатысуымен байланысты. Азаматтардан шамамен 10 мыңға жуық ұсыныстың келіп түсуі конституциялық үдеріске қоғамның жоғары деңгейде тартылғанын көрсетеді.
Жобаның бұқаралық ақпарат құралдарында және ашық интернет-ресурстарда жариялануы жан-жақты талқылауға жағдай жасады. Мұндай формат жұмыс барысының ашықтығын қамтамасыз етіп, ақпараттың кең жұртшылыққа қолжетімді болуына мүмкіндік берді.
Маңыздысы – келіп түскен ұсыныстар тек формалды пікірлермен шектелмей, мәтінді жетілдіру барысында нақты пайдаланылды. Қосымша нормалардың енгізілуі, сондай-ақ редакциялық және стилистикалық өзгерістер қоғам мен жоба әзірлеушілер арасындағы кері байланыстың бар екенін көрсетеді.
Бұл жағдайда «Еститін мемлекет» қағидаты нақты мазмұнға ие болды. Азаматтардың ескертулері мен ұсыныстарын ескеру тетігі Негізгі заңды әзірлеу үдерісіне тікелей енгізілді.
Әртүрлі өңірлер мен салалардың өкілдерін біріктірген Конституциялық комиссияның кең құрамы құжатпен жұмыс істеудің өкілдік сипатын күшейтті. Бұл қоғамдық көзқарастар мен мүдделердің алуандығын ескеруге мүмкіндік берді.
Жалпы алғанда, осы факторлардың жиынтығы жаңа Конституция жобасын тек институционалдық бастама ғана емес, кең ауқымды қоғамдық талқылаудың нәтижесі ретінде қарастыруға негіз болады.
Нұргүл Қуатова,
Біржан сал ауданы мәслихатының төрайымы.
