2013 жылы еліміздің Тұңғыш Президенті Н.Ə.Назарбаевтың Жарлығымен елде Отбасы күні мерекесі бекітілді, ол қыркүйек айының екінші жексенбі күні атап өтіледі. Биыл бұл күнді мерекелеу 10 қыркүйекке сəйкес келіп отыр.
Отбасы – адам баласының өсіп-жетілетін алтын ұясы, тәлім-тәрбие алатын құтты ошағы. Жанұяның жылуын, одан берілетін мейірім-шапағатты ештеңе алмастыра алмайды.
Ұрпақ санасына өнеге сіңірудегі отбасы рөлі қоғамдық тәрбиенің ең тиімді деген жүйесінен де артық. «Отан отбасынан басталады» деген нақылына-ақ қазақ халқының ұрпақ тәрбиесіне қаншалық мән беретінін аңғаруға болады!
Бүгінде республикада отбасын нығайту жəне қазақстандықтардың өмір сүру сапасын арттыру бойынша жүйелі жəне кешенді жұмыс жолға қойылған. Отбасылық саясат мемлекеттің басты басымдығы болып табылады. Отбасы қоғамның негізгі элементі ретінде адами құндылықтардың, мəдениеттің жəне ұрпақтардың тарихи сабақтастығының сақтаушысы, тұрақтылық пен дамудың факторы болды жəне болып қала береді де.
Отбасының арқасында мемлекет нығайып, дамып, халықтың əл-ауқаты артып келеді. Барлық уақытта елдің дамуы отбасының қоғамдағы жəне оған қатысты мемлекеттің жағдайы бойынша бағаланды. Адамның өмірі отбасынан басталады, мұнда оның азамат ретінде қалыптасуы негіз болады.
Фото https://insight-el.kz/