Көрікті табиғаты мен әралуандылығымен саяхатшыларды баурап келе жатқан бұл аймақ бүгінде елдің басты туристік бағыттарының біріне айналып отыр. Осы бағытта «Visit Aqmola» туристік ақпараттық орталығы белсенді жұмыс жүргізіп келеді. Бұл туралы брифинг барысында Ақмола облысы Туризм басқармасының жанындағы «Visit Aqmola» туристік-ақпараттық орталығының басшысы Данияр Даиров мәлімдеді, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметінен.
Орталық жыл сайын түрлі туристік іс-шаралар өткізеді. Биылғы жылдың өзінде «BURABAY ICE 2025» мұз үстіндегі жарысы, «AQBURA BAY TRAIL 5» халықаралық жарысы сияқты ауқымды 25 шара жоспарланған.
Бұл жұмыстар табиғат пен мәдениетті біріктіріп, өңірдің көрікті жерлерін насихаттауға бағытталған.
Орталық қонақүй иелерімен, турфирмалармен және жергілікті билікпен бірге жұмыс істейді.
««Visit Aqmola» бірыңғай брендін дамыту арқылы өңірді ішкі және халықаралық деңгейде таныстырады. Осы мақсатта жарнамалық материалдар, ақпараттық науқандар және баспасөз турлары ұйымдастырылады»,-деді басшы.
2025 жылы Бурабайда туризм саласы мамандарына арналған семинарлар өтті. Онда маркетинг, қонақүй ісі, агротуризм және гастротуризм саласындағы мамандар тәжірибелерімен бөлісті.
Орталық жыл сайын түрлі туристік іс-шаралар өткізеді. 2025 жылы 25 шара жоспарланған. Олардың қатарында: «BURABAY ICE 2025» мұз үстіндегі жарысы, «BuraVibe» жазғы маусымның ашылуы, «AQBURA BAY TRAIL 5» халықаралық жарысы сияқты ауқымды шараларды өткізді.
«Туристерге ыңғайлы болу үшін visitaqmola.kz сайтында жаңа мүмкіндіктер қосылуда.
Онда туристік нысандар туралы ақпарат, 3D-турлар мен виртуалды көмекші бар. Жасанды интеллектті қолдану арқылы қызмет сапасы жақсарып келеді»,-деп қосты Даиров.
Сонымен қатар, «Бурабайда» шетелдік түсірілім топтары жұмыс істеді. Мысалы, «Поедем! Поедим!» бағдарламасы мен Италияның «Donnavventura» жобасы арнайы эпизодтар түсірді.
Тіпті әйгілі Porsche компаниясы да жарнамалық бейнеролик түсірген.
Ақмола облысы ITB Berlin, KITF және ITB China халықаралық көрмелерінде таныстырылды. Бұл өңірдің беделін арттырып, жаңа әріптестермен байланыс орнатуға мүмкіндік берді.
«Visit Aqmola» Ақмола облысын туристерге танытудың басты орталығына айналды.
Орталық алдағы уақытта да жаңа бағыттар ашып, туризмді дамытуға күш салмақ.
Visit Aqmola: Ақмола туризмінің жаңа бағыты
