«СОЦИС-А» Кешенді әлеуметтік зерттеулер институты – Астана» жеке қоры Zakon.kz тапсырысы бойынша экзитпол жүргізді.
«Социс-А» мамандары 2026 жылғы 15 наурызда ҚР жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдум өткен күні, дауыс беру учаскелерінен шыққан азаматтар арасында exit poll әдістемесі арқылы азаматтардың ерік білдіруінің алдын ала нәтижелерін есептеді.
Сауалнама Қазақстан Республикасының 200 сайлау учаскесінде жүргізілді. Оған қатысушыларға мынадай сұрақ қойылды:
«Сіз жаңа Конституцияны қабылдауды қолдап дауыс бердіңіз бе, әлде қарсы пікір білдірдіңіз бе?»
Зерттеу нәтижелері:
Жаңа Конституцияны қабылдауды қолдап дауыс бергенін айтқан азаматтар – сауалнамаға қатысқан, дауыс беруге қатысқан азаматтардың 87,4%-ы.
Сайлау учаскелеріне келу деңгейі – 73,8%.
Деректердің әлеуметтанулық қателігі ±1,5%.
https://kaz.zakon.kz/kogam-tynysy/6078236-sotsisa-r-zhaa-konstitutsiyasyn-abyldau-zhnndeg-referendumday-ekzitpol-ntizhelern-zhariyalady.html
