
Біз, іскер әйелдер, қоғамның белсенді әрі жауапты бөлігі ретінде еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына өз үлесімізді қосып келеміз. Кәсіпкерлік саласында еңбек етіп, жаңа жұмыс орындарын ашу, түрлі әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру, қайырымдылық шараларын ұйымдастыру арқылы қоғам игілігіне қызмет етудеміз. Мұндай бастамалардың барлығы тұрақты, әділетті және берік құқықтық негіз болған кезде ғана өз нәтижесін береді.
Осы тұрғыдан алғанда, Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен алдағы референдум – әрбір азамат үшін маңызды әрі жауапты қадам. Конституция – мемлекеттің басты заңы ғана емес, сонымен қатар қоғамдағы тұрақтылықтың, әділдіктің және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының кепілі. Ол мемлекет пен қоғам арасындағы сенім мен келісімнің берік негізін қалыптастырады.
Конституцияда көзделген жаңашыл бастамалар адам құқықтарын қорғауды күшейтуге, заң үстемдігін нығайтуға, қоғамдағы әділдік қағидатын орнықтыруға бағытталған. Сонымен қатар бұл өзгерістер азаматтардың мүмкіндіктерін кеңейтіп, әрбір адамның қоғам өміріне белсенді қатысуына жол ашады. Мемлекет дамуының жаңа кезеңінде мұндай реформалардың маңызы зор.
Іскер әйелдер қауымдастығы әрдайым ашықтықты, жауапкершілікті және заң үстемдігін қолдайды. Біздің басты ұстанымымыз – қоғамдағы оң өзгерістерге бейжай қарамай, елдің дамуына белсенді атсалысу. Іскер әйелдер тек кәсіпкерлік саласында ғана емес, қоғамдық өмірде де белсенді болып, әлеуметтік тұрақтылық пен бірлікті нығайтуға өз үлесін қосып келеді.
Алдағы референдум – әр азаматтың өз пікірін білдіруге, ел болашағына қатысты маңызды шешім қабылдауға қатысуына мүмкіндік беретін маңызды демократиялық үдеріс. Бұл – халықтың еркін білдіретін, мемлекет дамуының бағытын айқындайтын маңызды қадам.
Сондықтан әрқайсымыз ел тағдырына бейжай қарамай, азаматтық белсенділік танытып, саналы таңдау жасауымыз қажет. Өйткені елдің ертеңі – бүгінгі қабылданатын шешімдерге тікелей байланысты.
Гүлайым Ысқақова,
Біржан сал ауданы Іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы.
