Пәтерді тазалауға тапсырыс берілді, бірақ кір қалдырды. Тұтынушы келмеді және клинингтік компания қызметкерлерімен орындалған жұмысты қабылдамады. Тазалау компаниясы кемшіліктерді жойып, қайта тазалағысы келеді. Тұтынушы тазалау үшін төленген құнның 50% қайтаруды талап етуге құқылы ма?

Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (бұдан әрі – ҚР АК) 630-бабының 1 және 2-тармақтарына сәйкес Тапсырыс беруші шартта белгіленген мерзімдерде мердігермен бірге орындалған жұмысты қарап шығуға және қабылдауға міндетті. Кемшіліктер анықталған жағдайда Тапсырыс беруші бұл туралы мердігерге дереу хабарлауға міндетті.

Тапсырыс беруші жұмысты қабылдау кезіндетабылған кемшіліктер туралы, егер олар қабылдауактісінде көрсетілген болса ғана мәлімдей алады.Бұл жағдайда тұтынушы жұмысты қарапшықпағандықтан және қабылдамағандықтан,сондықтан қабылдау актісіндегі кемшіліктертуралы көрсетпегендіктен, тұтынушы«тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35бабының 1және 2-тармақтарында көзделген талаптарды қояалмайды. «Тұтынушылардың құқықтарын қорғаутуралы» ҚР Заңының 35бабының 3тармағынасәйкес тұтынушы талап ете алмайды:

кемшіліктерді тегін жою, жұмысты немесеқызметті өзгерту, төлем бөлігін қайтару;

шарт осындай құқықты көздеген жағдайдатұтынушының кемшіліктерді жоюға жұмсаған шығыстарының өтемақысы;

егер Орындаушы жұмыстағы немесеқызметтегі кемшіліктерді мерзімінде түзетпесенемесе олар соншалықты ауыр болса, олардытүзету мүмкін болмаса, шартты бұзу және залалдыөтеу.

Осыған байланысты, Орындаушыұсынылған қызмет үшін соманың 50% қайтарутуралы талапты қолданыстағы заңнамаға сәйкесқабылдамауға құқылы.

Ақмола облысы бойынша сауда және тұтынушылардың

құқықтарын қорғау департаменті

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться