Орындаусыз қалған келісімшарт: Департамент шешкен даулы жағдай

Ақмола облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне өңір тұрғынынан жиһаз тапсырысының сапасы мен орындалу мерзіміне қатысты шағым түсті. Құны 1 000 200 теңге болатын келісімшартқа сәйкес, кәсіпкер жиһазды белгіленген мерзімде жасап, жеткізуге міндеттенген. Алайда кейбір бұйымдар кешіктіріліп жеткізілген, кейбірінде ақаулар болған, ал кейбір элементтер толықтай болмаған.

Мұндай жағдайда тұтынушы қалай өз талаптарын орындаушыға дұрыс қою керегін білмей, Департаментке жүгінді.
Департамент мамандары тұтынушылардың құқықтарын қорғау тәртібі мен заңнамалық нормаларды жан-жақты түсіндіріп, қажетті консультативтік қолдау көрсетті. Тұтынушыға ақаулар тізімін, кемшіліктерді жою және келісімшарт бойынша міндеттемелерді толық орындау туралы талаптарды қамтитын ресми шағым хатты дұрыс әзірлеуге көмек көрсетілді.
Құжаттар дайындалғаннан кейін Департамент қызметкерлері кәсіпкермен тікелей байланысқа шығып, заң талаптары мен шағымдарды қарау мерзімдерін түсіндірді. Нәтижесінде мәселе сотқа дейінгі тәртіппен реттелді: кәсіпкер анықталған кемшіліктерді жойып, міндеттемелерді толық орындауға келісті.
Мәселе шешіліп, жұмыстар аяқталды, тараптар өзара түсіністікке келді.

Ақмола облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті азаматтардың құқықтарын қамтамасыз ету, халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және дауларды сотқа дейін реттеуді жалғастыра береді.

Департамент еске салады: егер сіздің тұтынушылық құқықтарыңыз бұзылса — тауардағы ақауларды жоюдан бас тартса, келісімшарт мерзімдерін бұзса немесе кәсіпкер сіздің талаптарыңызға жауап бермесе — Департаментке хабарласыңыз.
Мамандар барлық қажетті түсіндірмелерді беруге, шағымдарды дайындауға және құқықтарыңыз толық қалпына келтірілгенше қолдау көрсетуге дайын.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться