Әлемдегі барлық елдердің даму жолында мемлекеттік қызметтің қосар үлес салмағы ерекше. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауына арқау болған бағыттардың бірі – «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы. Мемлекет басшысының бұл тұжырымдамасы көптеген мәселеге қозғау салып, қалың ел тарапынан қолдау тауып отыр.
Мемлекеттік қызметшілер алдына келген адамның мәселесіне жете мән беріп, шешіп беруге ұмтылуы тиіс. Кез келген адамды тыңдай білу және кеңдік көрсету ең алдымен адамның саналылығын білдіреді. Жүректерге жол табу, кісінің көңілінен шығу – қазаққа тән қасиет десек, халқымыз кең де көркем мінезімен көп нәрсені оңтайлы шешіп отырған. Сондықтан халыққа қызмет етудегі басты ұстаным – қарапайымдылық, әділдік пен адалдық болуы керек. Мемлекеттік қызметтер мемлекеттік аппараттың халықпен өзара іс-қимылының маңызды құралдарының бірі болып табылады.
Тамыз айының 25 жұлдызында мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша іс-шараларды орындау аясында бұзушылықтардың алдын алу, клиентке бағдарлану, қолжетімділік және ашықтық мақсатында аудан әкімінің орынбасары Орынбасар Теңдікқызы Ахметованың төрағалығымен ауданның қызмет көрсетушілерімен семинар-кеңес өтті.
Аталған семинарға Ақмола облысы әкімі аппаратының мемлекеттік қызмет көрсетуді талдау бөлімінің басшысы Жұмабек Данагүл Ғалиоллақызы қатысып, мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы заңнаман қағидаларын, сондай-ақ осы саланы реттейтін өзге де нормативтік құқықтық құжаттарды түсіндірді.
Жалпы, ауданның жергілікті атқарушы органдары мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес — 57 түрді және 58 кіші түрді көрсетеді. Ағымдағы жылдың 7 айында 1010 қызмет көрсетілді, оның ішінде: электрондық түрде – 775, Мемлекеттік корпорация арқылы – 72, қағаз түрінде – 121, көрсетілетін қызметті алушыларға тікелей байланысы бар ақпараттық жүйе арқылы – 142. Әлеуметтік салада, жер қатынастарында және ауыл шаруашылығында неғұрлым талап етілетін қызметтер, бұл 666 қызметті құрайды, бұл ауданның жергілікті атқарушы органдарының көрсеткен мемлекеттік қызметтерінің жалпы санының 75%-ы.
Мемлекеттік қызметтердің 57 түрінің 36 түрі немесе 63,1%-ы электрондық түрде көрсетуге көзделген. ЖАО мемлекеттік қызмет көрсетуге 10 ақпараттық жүйе жұмылдырылған. Көрсетілген мемлекеттік қызметтердің ең көп саны әлеуметтік салада, жер қатынастары мен ауыл шаруашылығында байқалады, бұл ауданның жергілікті атқарушы органдары көрсеткен мемлекеттік қызметтердің жалпы санының 50% құрайды.
Аудан аппаратының бақылау қызметі заңнама талаптарының сақталуына 5 бақылау іс-шарасын өткізді. Бақылау іс-шараларының қорытындысы бойынша 18 ұсыныс әзірленді. Барлық ұсыныстар бақылауда. Аппарат қызметкері аудандық мәслихат депутатымен бірлесіп медициналық ұйымда және дербес бөлімдерде көрсетілетін қызметті алушыларға жағдай жасау мәніне қызмет көрсету сапасына мониторинг жүргізді. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері тоқсан сайын ауданның қоғамдық кеңесінде тыңдалды. Семинар барысында қызмет көрсетушілер сұрақтар қойып, пікір алмасты.
Қоғамдық мониторинг қорытындысын ескере отырып, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру, оның ішінде түсіндіру жұмысы құқығы бойынша іс-шаралар көзделген.
Аудан әкімінің сайтында 2023 жылғы Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызмет туралы есептерді жариялы талқылау бойынша орналастыру бойынша іс-шаралар өткізілді. Халықты ақпараттандыру мақсатында 6 тікелей эфир өткізілді, бақ пен әлеуметтік желілерде 57-ден астам материал орналастырылды. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін аудан әкімдері аппараттарының ғимараттарында және 4 ауылдық округтерде 5 «сервистік әкімдік» жұмыс істейді. Барлық сұрақтар бойынша 8 (71639) 2-20-94 телефоны бойынша хабарласуға болады.