Халықаралық турнирі өтеді

Ертеде көшпенділер құсбегілікке ерекше мән берді және терең шұғылдана білді. Соның нәтижесінде Қыран Құс – Ұлы Даланың символына айналды.

Құсбегілік — сонау ықылым заманнан бері туған халқымызбен бірге жасасып, атадан – балаға, ұрпақтан – ұрпаққа жалғасын тауып келе жатқан Ұлы дала мәдениетінің ішіндегі төл өнеріміз болып саналады.

А.ж. 17- 20 қазан күндері аралығында бабаларымыздың ізін жалғастырып, жұртшылық арасында мәдени тарихымызды насихаттау мақсатында Құсбегіліктен Мәсіп Батырханұлы атындағы халықаралық турнирі өтетін болады.

Турнирдің өту орны: Ақмола облысы Біржан сал ауданы Жөкей ауылындағы «Лес и звезды» глэмпингінің аумағы мен шекарасы.

Құрметті Ақмола облысының тұрғындары және қонақтары сіздерді табиғат аясында демалып, турнирді тамашалауға шақырамыз.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться