Еліміздің игілігі үшін бірге дұрыс таңдау жасайық

Еліміздің даму жолында маңызды кезеңдердің біріне куә болып отырмыз. Жаңартылған Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекетіміздің одан әрі дамуына, қоғамдағы әділеттілік пен тұрақтылықты нығайтуға бағытталған маңызды құжат. Конституцияға енгізіліп отырған өзгерістер елдегі демократиялық қағидаттарды күшейтіп, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді.

Бүгінгі күні қоғамда әділдік, ашықтық және жауапкершілік сияқты құндылықтардың маңызы артып келеді. Жаңартылған Конституция осы құндылықтарды нығайтып, мемлекет пен қоғам арасындағы өзара сенімді арттыруға бағытталған. Сонымен қатар, бұл өзгерістер мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіріп, халықтың ел өміріндегі маңызды шешімдерге қатысу мүмкіндігін кеңейтеді.

Алдағы Қазақстандағы Конституциялық референдум – әрбір азаматтың өз таңдауын жасап, ел болашағына қатысты маңызды шешім қабылдауға тікелей қатысатын тарихи сәт. Референдум – халықтың еркін білдіретін демократиялық тетік. Сондықтан бұл маңызды науқанда әр азаматтың белсенділігі ерекше маңызға ие.

Қоғамдық кеңес қоғам мен билік арасындағы ашық диалогты қолдай отырып, тұрғындардың пікірін ескеруге әрдайым басымдық береді. Осы орайда баршаңызды азаматтық жауапкершілік танытып, ел болашағы үшін маңызды референдумға белсенді қатысуға шақырамын.

Біздің бірлігіміз бен ортақ жауапкершілігіміз – Қазақстанның тұрақты дамуы мен жарқын болашағының кепілі. Еліміздің игілігі үшін бірге дұрыс таңдау жасайық.

Кенжебаева Ақмарал Нұрқанқызы,

Біржан сал ауданының
Қоғамдық кеңес төрайымы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться