Денсаулық – ең басты байлық

Вакцинация – халықтың денсаулығын қорғаудағы маңызды қадам, себебі ол жұқпалы аурулардың таралуына жол бермей, қоғамда ұжымдық иммунитет қалыптастырады. Уақтылы екпе алу – өзіңізге де, айналаңызға да қамқорлық танытудың белгісі.

Екпе – қауіпті аурулардың алдын алып, өмірді сақтап қалатын сенімді қорғаныс. Ол тек жеке адамның емес, бүкіл қоғамның денсаулығын нығайтады, аурудың ауыр асқынуынан, мүгедектік пен өлім-жітімнен қорғайды.  Сондай-ақ, ұжымдық иммунитет қалыптастырады – бұл әсіресе балалар мен егде жастағы адамдар үшін маңызды.  «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде», – екпенің мәні осы.

Вакциналар Ұлттық екпе күнтізбесіне енгізілген және тегін жүргізіледі.  Мемлекет ұсынатын тегін екпелер – халықтың денсаулығына салынған маңызды инвестиция.

Инфекциялық аурулардың алдын алу шараларын іске асыру шеңберінде «Біржан сал ауданының ауруханасы» ШЖҚ КМК-да халықты, оның ішінде адам папилломавирусына (АПВ) қарсы тегін вакцинациялау жүргізілуде.
Бүгінгі күні АПВ-ға қарсы 124 мектеп жасындағы қыз бала вакцина алды.
Вакцинация – келесі аурулардың алдын алудың ең тиімді тәсілдерінің бірі:
адам папилломавирусы (АПВ), қызылша, дифтерия,сіреспе, В гепатиті, туберкулез, көкжөтел,пневмококк инфекциясы және т.б.

Уақтылы вакцинация жұқпалы аурулардың таралуын тоқтатып, ұжымдық иммунитетті қалыптастырады. Сондықтан әр азамат өз денсаулығына жауапкершілікпен қарап, екпе алуы – қоғам үшін де, болашақ үшін де үлкен үлес.

Дина АҚЫШЕВА.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться