Дәрігер тапшылығы шамамен төрттен біріне азайды

🏫 Басым бағыттардың бірі – медициналық кадр дайындау және қолдау. 2025 жылы еліміздегі медициналық жоғары оқу орындарын 10,5 мың маман тәмамдады, олардың 34%-ы ауылдардағы медициналық ұйымдарға бөлінді. Бұл былтырғымен салыстырғанда шамамен екі есе жоғары.

📑 Өңірлердегі қажеттіліктерді ескере отырып, биыл 5 мыңнан астам білім гранты бөлінді. 2024 жылдың қазан айынан бері 16 тапшы мамандық бойынша ауылдарда жұмыс істеп жүрген 254 дәрігер 8,5 млн теңге көлемінде бір реттік төлем алды. 2025 жылы тағы 105 маманға осындай қолдау көрсетілді.

📉 Қабылданған шаралардың нәтижесінде еліміздегі дәрігер тапшылығы 19%-ға, орта санатты медицина қызметкерлері тапшылығы 13%-ға азайды. Ауылдық жерлердегі кадр тапшылығы 17%-ға төмендеді.

🧑‍🎓1 қыркүйектен бастап алты негізгі бағыт бойынша (оның ішінде терапия, педиатрия және хирургия) интернатурада, сондай-ақ педиатрия бағытындағы 14 мамандық бойынша резидентурада оқыту басталды.

🎓Дәрігер мамандарын даярлау сапасын арттыру мақсатында жалпы білім беру пәндерінің көлемін қысқарту есебінен базалық пәндерге бөлінетін оқу жүктемесі 10 кредитке ұлғайтылды.

📚 Оқу бағдарламаларының сапасы көтерілді, базалық пәндердің үлесі артты, сондай-ақ мамандарды даярлауға халықаралық стандарттар енгізіліп жатыр.

🌍 Атап айтқанда, 1 қыркүйектен бастап Қарағанды медициналық университеті мен Қазан федералдық университеті арасында алғаш рет екі диплом бағдарламасы іске қосылды. Бағдарлама бойынша 70 студент оқуға қабылданды. Сондай-ақ Пәкістан медициналық университетінің филиалын ашу мәселесі пысықталуда.

🛡 Медициналық қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында денсаулық сақтау қызметкерлеріне қол көтеру оқиғаларына қатысты Қылмыстық кодекске жеке бап енгізу бастамасы көтерілді. Ішкі істер министрлігімен бірлесіп іс-қимыл жоспары әзірленді: медициналық ұйымдарда 152 полиция бекеті орнатылды. Сондай-ақ мемлекеттік медициналық ұйымдардың 98%-ы және жекеменшік ұйымдардың 76%-ы жалпы сомасы 3,1 млрд теңгеге кәсіби жауапкершілікті сақтандыру шарттарын жасасты.

📱 @KZgovernment

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться