Көп жағдайда балалардың құлауы олардың ата-анасының қарауынсыз қалуы себебінен орын алады. Қасіреттің алдын алу үшін, құтқарушылар кішкентай балаларды жалғыз қалдырмауға кеңес береді. Сонымен бірге барлық жиһаздарды бала терезе алдына шыға алмайтындай етіп, терезе жанынан алшақ қоюды ұсынады.
Терезедегі москиттік торларға сенбеу керек. Олар құлаудан сақтауға арналмаған. Керісінше, москиттік тор қайғылы жағдайдың орын алуына әкеліп соғады, балалар москиттік торларды қауіпсіз деп ойлайды және терезеге сүйенгендей сол торларға сүйенеді. Ең сапалы тордың өзі баланың салмағы мен қысымды көтере алмайды.
Егер балаңыз бөлмеде болса, терезені және балкон есігін ашпаңыз. Жоғарғы желдеткіштерді немесе тік желдету режимін пайдаланыңыз. Бала терезені өз еркімен аша алмау үшін терезеге арнайы бекіткіштер орнату қажет. Егер сіз балаңызға терезеден бір нәрсе көрсететін болсаңыз, оны мықтап ұстаңыз, баланың шұғыл қимылдарына дайын болыңыз, алақанды құрғақ ұстаңыз, баланы киімнен ұстамаңыз.
Балалар үйде болғанда бірінші кезекте олардың ата-анасына қауіпсіздік қағидаларын сақтау керек. Әрбір ата-ана баланың терезеден немесе балконнан құлауының қауіп-қатерін азайтуға арналған шараларды білуі қажет.
1. Үйде кішкентай бала болса, терезені ашық қалдырмаңыз, себебі назарыңызды бірнеше секундқа басқа жаққа аударсаңыз болғаны, ол бала өміріндегі соңғы сәтке айналуы немесе мүгедек болып қалуы мүмкін.
2. Терезені тиісті қорғаусыз москит торларын қолданбау — балалар сенімді тірек ретінде қабылдай отырып, оларға сүйенуді жақсы көреді, содан кейін олармен бірге сыртқа құлайды.
3. Баланың өздігінен терезені ашуына кедергі келтіретін қауіпсіздік құлыпын орнатыңыз.
4. Баланың терезе астына кірмеуі және төмен түспеуі үшін терезе жанына жиһаз қоймаңыз.
5. Балкон немесе бөлме аралық шыны есіктердің жанында жинау барысында заттарды ретсіз қоюға болмайды, себебі бала сүрініп, жарақат алуы мүмкін.
6. Балаларға қауіпсіздік сабақтарын үйрету. Ересек балаларды кішілерге қарауға үйрету.
7. Балаларға қауіпсіздік сабақтарын оқыту маңызды. Ересек балаларды кішкентай балаларға қарауды үйретіңіз.
8. Терезенің астына жасыл көшеттер отырғызу, әсіресе, егер сіз жеке үйде тұрсаңыз, онда баланың терезеден түскен жағдайда қонуды жеңілдетеді.
9. Терезелерге баланың өз бетінше терезесін ашуға кедергі келтіретін кілт бар блокираторлар немесе терезе тұтқаларын орнату.
Балаларға қауіпсіздік сабақтарын үйретіңіз. Балалардың үлкендерін өзінен кішілеріне қарауға үйретіңіз.
Х.ҒИБАДАДОВ,
Біржан сал ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің инженері.
Фото https://kz.kursiv.media/kk/