Азаматтардың 86,9%-ы Президентке сенім білдіреді – әлеуметтанулық зерттеу нәтижелері

 

2026 жылғы 17 шілдеде Қазақстандық қоғамдық даму институты «2026 жылғы электоралдық ландшафт және сайлау тенденциялары: қоғам не күтеді» тақырыбында «Sarap» сарапшылар клубының отырысын өткізді.

Кездесу барысында ҚҚДИ жүргізген екі әлеуметтанулық зерттеудің нәтижелері таныстырылды. Зерттеулер электоралдық кезеңнің қоғамдық бірлік, оптимизм және мемлекеттік институттарға деген тұрақты сенім жағдайында басталғанын көрсетті.

📌 Негізгі нәтижелер:

• Азаматтардың 84,1%-ы елдегі қоғамдық-саяси ахуалды қолайлы немесе тұрақты деп бағалайды.
• 88,5% өз көңіл күйін жақсы немесе бірқалыпты деп бағаласа, өмірге қанағаттану деңгейі 85,8%-ға жеткен.
• Респонденттердің 50,5%-ы соңғы бір жылда отбасының материалдық жағдайы жақсарғанын айтқан, ал 60,1%-ы алдағы жылы оң өзгерістер күтеді.
• 18–28 жас аралығындағы жастардың 87,1%-ы қоғамдық-саяси ахуалды оң бағалап, 65,6%-ы өз өмірінің жақсаратынына сенім білдірген.
• Мемлекет басшысына деген сенім деңгейі 86,9%-ды құрады.
• Сауалнамаға қатысқандардың 75,1%-ы алдағы Құрылтай сайлауына қатысуға дайын екенін жеткізді.

Сарапшылардың пікірінше, алдағы Құрылтай сайлауы Қазақстанның саяси жүйесінің жаңа кезеңін айқындайтын маңызды оқиғалардың бірі болмақ.

Айта кетейік, Қазақстандық қоғамдық даму институты сайлау науқаны кезеңінде қоғамдық пікірге сауалнама жүргізу үшін Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясында аккредиттеуден өткен.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться