Осы жазбалар фейсбукте қаптап кетті, сіздерге бір тапсырыс түсіп жатырма деп те сұрап жатыр достарым.
Жоқ, жеке позициям десем, ешкім сенбейтіні анық. Бірақ бұл шынымен де солай.
Маған 4 елдің арасында қайсысы салады деген сұрақ екінші орында тұр, себебі 4 елдің әрқайсысының әлеуеті бар бастысы экологиялық және қауіпсіздік мәселелері сақталса болғаны.
Халыққа АЭС туралы толық әрі шынайы ақпарат берілуде, 100 деген кездесулер өтті. қажет АЭС- тің техникалық, экологиялық және экономикалық аспектілері түсіндірілді.
Ендігі кезекте әр азамат болашаққа көзқарасын қалыптастыру үшін барлық мәліметті сараптап, артықшылықтары мен кемшіліктерін таразылауы қажет. Қандай шешім қабылданса да, ол Қазақстанның энергетикалық саясатына, экологиясына және болашақ ұрпаққа әсер етеді.