Дені сау жастар – мықты ұлттың кепілі
Дене тәрбиесі мен спорт – ұлт денсаулығының тірегі. Ақмола облысында бұл бағыттағы жұмыстар жүйелі және кешенді түрде жүргізіліп келеді. Негізгі бағдар ретінде Қазақстан Республикасының «Дене шынықтыру және спорт туралы» Заңы, 2023–2029 жылдарға арналған даму тұжырымдамасы мен облыстың 2021–2025 жылдарға арналған даму бағдарламасы алынған. Бүгінде облыстың 330 мың тұрғыны, яғни халықтың 41,8 пайызы спортпен жүйелі түрде айналысады. Бұл көрсеткіш жоспарланған межеден жоғары. Бұл бағыттағы жұмысты 285 спорт нұсқаушысы атқарады, оның ішінде 204-і ауылдық жерлерде еңбек етуде. Жыл өткен сайын спортқа қызығушылық артып келеді. Бұған спорт инфрақұрылымының кеңейіп, тұрғындарға қолжетімді бола түсуі үлкен әсерін тигізіп отыр. Қазіргі таңда облыста 1124 спорт нысаны…