Конституция – бұл нормалар жай ғана сөз емес, елдің қауіпсіздігін және болашағын қорғайтын маңызды қағидалар
Жаңа Конституциядағы ең маңызды тұстардың бірі – еліміздің егемендігі, тәуелсіздігі, біртұтас мемлекет екені, жерінің бөлінбейтіні және басқару жүйесінің өзгермейтіні туралы норма деп ойлаймын. Бұл – Қазақстанның мемлекет ретінде берік тұрғанын көрсететін басты негіз. Тәуелсіз ел болу – өз шешімімізді өзіміз қабылдау, ішкі және сыртқы саясатта еркін болу деген сөз. Елдің біртұтас болуы – халықтың бірлігін сақтауға және заңдардың бәріне ортақ болуына мүмкіндік береді. Ал аумақтық тұтастықтың бекітілуі – жеріміздің бөлінбейтініне нақты кепіл. Басқару жүйесінің тұрақты болуы да елдегі тыныштық пен тұрақтылықты қамтамасыз етеді. Бұл нормалар жай ғана сөз емес, елдің қауіпсіздігін және болашағын қорғайтын маңызды қағидалар. Мемлекеттің негізгі бағыты өзгермейтіні…
