Қазақстанның жаңа Конституциясында меншік нысандарын барынша нақтылай түсу ұсынылды
Мәжіліс депутаты, «Ақ жол» партиясы фракциясының жетекшісі Азат Перуашев ҚР жаңа Конституциясында меншік нысанын барынша нақтылап бекітуді ұсынды. Ол өз ұсынысын Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның оныншы отырысында айтты. Азат Перуашев меншік институтының мәртебесі инвестициялық тартымдылық пен экономиканың оң бизнес-ахуалы үшін маңызды рөл атқаратынын атап өтті. Оның айтуынша, қолданыстағы Конституцияда меншіктің тек екі түрі қарастырылған: мемлекеттік және жеке меншік. Сонымен бірге қазіргі экономистер кем дегенде меншікті 5-6 түріге бөледі. «Финляндия, Литва, Латвия, Әзірбайжан және басқа елдердің конституцияларында мемлекеттік және жеке меншікпен қатар муниципалдық нысан көрсетілген. Қытай, Бразилия, Үндістан конституцияларында бұған ұжымдық немесе кооперативтік меншік қосылған. Кейбір елдерде жария меншік, яғни жария…
