Жаңа Конституция – халық үніне негізделген құжат
Жаңа Конституция жобасының «халықтық» сипатта бағалануы ең алдымен оны әзірлеуге қоғамның кеңінен қатысуымен байланысты. Азаматтардан шамамен 10 мыңға жуық ұсыныстың келіп түсуі конституциялық үдеріске қоғамның жоғары деңгейде тартылғанын көрсетеді. Жобаның бұқаралық ақпарат құралдарында және ашық интернет-ресурстарда жариялануы жан-жақты талқылауға жағдай жасады. Мұндай формат жұмыс барысының ашықтығын қамтамасыз етіп, ақпараттың кең жұртшылыққа қолжетімді болуына мүмкіндік берді. Маңыздысы – келіп түскен ұсыныстар тек формалды пікірлермен шектелмей, мәтінді жетілдіру барысында нақты пайдаланылды. Қосымша нормалардың енгізілуі, сондай-ақ редакциялық және стилистикалық өзгерістер қоғам мен жоба әзірлеушілер арасындағы кері байланыстың бар екенін көрсетеді. Бұл жағдайда «Еститін мемлекет» қағидаты нақты мазмұнға ие болды. Азаматтардың ескертулері мен ұсыныстарын…
