Отбасы – бақыт аясы
Отбасы – адамзат баласының алғаш тәрбие алатын аса қажетті әрі қасиетті алтын бесігі. Қай заманда, қай елде болса да отбасының адамзат ұрпағына ықпалы мен әсерін өмірдегі басқа ештеңемен салыстыруға болмайды. Міне, қазақтың «Отан отбасынан басталады» дейтіні де сондықтан, халықтың туып-өскен үйін қарашаңырақ деп қастерлейтіні де сондықтан. Ел Президентi мемлекет отбасынан басталатынын және бiздiң қоғамда негiзгi отбасылық құндылықтарды нығайтудың маңыздылығы жоғары екенін ерекше атап өткен болатын. Мемлекет басшысының Жарлығымен қыркүйек айының екiншi жексенбiсi отбасы күні болып бекіген еді. Отбасы мерекесі аясында өңіріміздегі үлгі боларлық шаңырақтарға ерекше көңіл бөлінуде. Мақсат – бірлігі жарасқан отбасылардың бірлігі мен татулығын өзгелерге үлгі ету. Айтулы мерекеге…
