Абай атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің аудандық байқауы
Кемеңгер Абайдың кемел ойлары мен жақұт жырларын сансыз ұрпақтың санасына сіңіріп, жадында мәңгілік жаттату ісінің мемлекеттік маңызды шаруаға айналғаны қашан?! Тіпті қылышынан қан тамған сонау кеңестік дәуірдің өзінде Абайды оқыту алдыңғы кезекте тұрды. Қазақ халқының ұлы ақыны, ағартушы, қазақтың жазба әдебиетінің және әдеби тілінің негізін салушы – Абай Құнанбаевтың мұраларын жас ұрпаққа насихаттау үшін ауданымызда көптеген шаралар өтуде. Қыркүйек айының 18 жұлдызында мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі Қазақстан халқы тілдер күніне орай бағытталған іс-шараларды өткізу мақсатында мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту және дамыту мақсатында Абай атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің аудандық байқауын өткізді. Конкурсты негізгі мақсаты – мемлекеттік тілдің қолданылу аясын…
