Ақмола облысында оқу жылы басталғаннан кейін адам папилломасы вирусына қарсы вакцинацияны енгізу жоспарлануда
Бастапқыда екпемен 11 жастағы 175 мыңнан астам қызды қамту жоспарлануда. Әлемде бұл екпеге сұраныс өте жоғары. Бүгінгі таңда 125-тен астам ел өздерінің ұлттық егу күнтізбесіне осы екпені енгізді. Орталық Азиядағы көрші елдердің ішінде екпені Өзбекстан, Қырғыз Республикасы, Түрікменстан енгізген. Бұл туралы Ақмола облысы СЭБД басшысының міндетін атқарушы Серік Омарханов айтып берді, - деп хабарлайды өңірлік коммуникациялр қызметі. Қазақстанда жатыр мойны обыры әйелдер арасындағы онкологиялық аурулар статистикасы бойынша сүт безі обырынан кейін екінші орында тұр. Ақмола облысында 2023 жылы жатыр мойны обырының 109 жағдайы, 2022 жылы 87 жағдай, 2024 жылдың 7 айында 50 науқас әйел тіркелген. Жыл сайын ауру көбейіп келеді,…
