Халықтық штаб өкілдері Келес ауданында білім саласының қызметкерлерімен және спортшылармен кездесті
Халықтық штаб өкілдері Келес ауданында білім саласының қызметкерлерімен және спортшылармен жүздесіп, еліміздің дамуында стратегиялық мәні бар энергетика кешенін жаңғыртуға арналған бастама жөнінде мағлұмат берді. Қазақстанда атом электр станциясын салу мүмкіндіктері туралы ғалымдар мен сала мамандары беріп жатқан ақпараттарға шолу жасап, тиімділіктері жайлы ой бөлісті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. Аудандағы Т.Бигелдинов, Қ.Сәтбаев атындағы орта мектептерде өткен кездесулерде штаб мүшелері елімізде атом энергетикасын дербес дамыту бағытында қажетті ғылыми және инженерлік ресурстар бар екенін айтты. Осы санатта Курчатов қаласындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы, Алматы қаласындағы Ядролық физика институты бар екені мәлімделді. «Бұл институттар атом электр станциясын құру процесін ғылыми-техникалық қамтамасыз ету рөлін…
