Алтынды өңдейтін жасырын цех Ақмола облысында анықталды

Қаржылық мониторинг агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті прокуратураның үйлестіруімен Шортанды ауданы аумағында бағалы металдарды заңсыз өндірумен айналысқан адамдар тобының қызметін тоқтатты.

Жедел-іздестіру шаралары барысында құрамында алтыны бар кенді өңдеуге және бағалы металдарды бөліп алуға арналған жасырын цех анықталды.

Кенді ұсақтауға және балқытуға арналған жабдық, салмағы 446 грамм алтын құймасы, 4 тонна алтын құрамды материал, 6 келі сынап, сондай-ақ 2 млн теңгеден астам және 8 мың АҚШ доллары көлеміндегі ақшалай қаражат тәркіленді.

Тінту барысында қару мен оқ-дәрілер табылды.

Қазіргі уақытта заңсыз қызметке қатысы бар барлық тұлғалар, сондай-ақ заңсыз өндірілген бағалы металдардың көлемі анықталуда.

Ұйымдастырушы қамауға алынды.

Тергеу жалғасуда.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться