
Сайлау учаскелерінде алғаш рет дауыс беруге келген жас сайлаушыларға естелік сыйлықтар табыстау игі дәстүрге айналды.
Мұндай игі бастама сайлау күні ерекше мерекелік көңіл күй қалыптастырып, әрбір азаматтың сайлау үдерісіне қатысуының маңызын айқындай түседі әрі жастардың белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыруға ықпал етеді.
Бүгін алғаш рет сайлау учаскесіне келгендердің бірі – Нұржанова Диана. Оның айтуынша, бұл күн өзі үшін ерекше толқынысқа толы әрі жауапты сәт болды. Алғаш рет өз таңдауын жасап, азаматтық парызын орындаған Дианаға естелік сыйлық табысталды.
