Ақмола облысының жұмыспен қамтудыжәне әлеуметтік бағдарламаларды үйлестірубасқармасы 2024 жылдың қорытындысыбойынша халықты жұмыспен қамту жөніндегіжұмыстың нәтижелерін шығарды. Сандарғақарағанда, жұмыс белсенді жүргізілуде: субсидияланатын жұмыс орындарыбағдарламасы 3203 адамды жұмыспен қамтуғакөмектесті. Ал ісін жаңадан бастаушыкәсіпкерлерді қолдауға 240 млн. теңгеденастам қаражат бөлінді.
Облыстағы мемлекеттік жұмыспен қамту бағдарламалары жастардан бастап зейнетке шығар алдындағы жасқа дейінгі әртүрлі азаматтар санатын қамтиды. 2024 жылысубсидияланатын жұмыс орындары 3203 адамға берілді. Олардың ішінде – қоғамдықжұмыстарға қатысушылар, жастар практикасы, әлеуметтік жұмыс орындары, «Күміс жас» бағдарламасының қатысушылары, сондай-ақалғашқы жұмыс орнын және «Ұрпақкелісімшарты» бағдарламасыныңқатысушылар бар. Жұмыспенқамтылғандардың барлығы дерлік (98%) зейнетақы жарналарын алады, ал 100% электронды еңбек шарттарын жасасты.
Шағын және орта бизнесті қолдау да керемет нәтижелер көрсетіп отыр. Өткен жылы168 адам өздерінің бизнес-жобаларын іскеасыруға 240,8 млн теңге сомасына гранттаралды.
«Гранттар тек өз ісін жаңа бастаушыкәсіпкерлерге ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік жағынан осал топтардың өкілдеріне де: көп балалы отбасыларға, мүмкіндігі шектеулі жандарға, қандастарға және асыраушысынан айрылған отбасыларғаберілді. Жоба қатысушылары бұл ақшаға керек-жарақ, жабдықтар, мал, құс сатып алып, тіпті өз бизнесі үшін үй-жайлар жалдауда. Жобалар өте әртүрлі – шаруашылықтардан бастап шағын шеберханаларға дейін», — деп хабарлайды Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы.
Ал егер жұмыс табу ғана емес, жаңамамандық меңгеруді қаласаңыз ше? 2024 жылы қысқа мерзімді кәсіптік оқуға 456 адам жазылды, олардың 95%-ы жұмысқа орналасты. Курстар жұмыс берушілердің тапсырысыбойынша өткізілді, бұл оқуды бітіргеннен кейіндереу жұмыс табу мүмкіндігін арттырады.
Жұмыс тоқтамайды. Биыл облыста 460 адамды жаңа мамандықтарға оқытуды, 334,3 млн теңге сомасына 167 грант беруді және белсенді жұмыспен қамту бағдарламаларына 2332 адамды қамтуды жоспарлап отыр. Айтпақшы, 2025 жылдың 1 ақпанына дейін түрлі бағыттарда 290 адам жұмыспен қамту бойынша көмек алған.